Фейк: Тырысқақ

Фейк: Тырысқақ

             Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды облысында әлеуметтік желілерде және WhatsApp арқылы тырысқақпен сырқаттанушылық тіркеліп, қаланың су айдындарына тырысқақ вибрионы бөліну туралы ақпарат таралу туралы келесідей хабарлайды. Ауруханаға келген ескерту құжаттарына сілтеме фэйк болып табылады. Бұл ақпарат жалған. Жезқазған қаласы бойынша тырысқаққа күдікті жағдайлар тіркелген жоқ. "Тырысқақ таяқшалары" тырысқақ вибрионының болуы ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА, мамыр айынан қазанға дейін апта сайын зертханалық зерттеу үшін ашық су қоймаларынан (Кеңгір су қоймасы, жағажайлар) сынама алынып, зерттеледі. Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ.

             Жалған ақпарат таратқан тұлғалар белгіленген  заңды тәртіпте жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеміз.

             Ішек этиологиясы инфекцияларының алдын  алудың негізгі шаралары - тамақтану және тамақ дайындау алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды жуу екенін еске саламыз. Көкөністерді, жемістерді ағынды сумен жуғаннан кейін қайнаған сумен шаю керек. Кездейсоқ адамдардан азық-түлік сатып алмаған жөн және де тек рұқсат етілген жерлерде шомылу маңызды. Қарапайым алдын алу шараларын сақтай отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтайсыз!