Жыл басынан бері шекара өту бекеттерінен 86 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды

Жыл басынан бері шекара өту бекеттерінен  86 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды

Түркістан облысында 5 шекара өткізу бекеті жұмыс жасайды.  Жыл басынан бері  Жібек жолы, Қапланбек, Қазығұрт, Қонысбаев, Атамекен  өткізу кеден бекеттері арқылы  94 219 адам Өзбекстан мемлекетінен Қазақстан территориясына кірген. Оның - 42 802 көлік жүргізушілер болса,  51  417 жаяу жолаушылар.       Жалпы  7420 адамнан полимеразды тізбекті реакцияға (ПТР)  сынама  алынып, 3 435 азамат 2 күндік карантинге жіберілген.  86 адамнан  COVID-19 инфекциясы анықталды. 

Жақында ҚР БМСД  ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы №21  жаңа Қаулысы шықты.  5  мамыр күні күшіне енген қаулыда  бұдан былай шекара бекеттерінен өтушілер  сауалнама толтырмайды, термометриядан өтудің қажеті болмайды, сонымен қатар олардан  ПТР сынама алынбайды.                 

Дегенмен ел аумағына өтетін азаматтар  вакцинация, ревакцина салдырған болуы,  екпе алғанына 6 ай уақыттан аспаған болуы керек. Егер  вакцинация, ревакцина алмаған болса, және алғанына 6 ай уақыттан асқан жағдайда  қолында 72 сағаттан ерте емес  полимеразды тізбекті реакция  сынамасы туралы  анықтамасы болуы керек.       Егер паспорт вакцинациясы да,  ПТР анықтамасы да болмаған жағдайда,  тұрғылықты жері бойынша 72 сағаттың ішінде COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтетіндігі  туралы қолхат жазып,  шекара бекетінен өтеді.  Дене қызуы жоғарылап, ауырып тұрған адамдар анықтамасының  болғанына  қарамастан,  инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.                                                                                

Ал, 5 жасқа дейінгі балалардан вакцинация, ревакцинация, ПТР сынама, анықтама ұсыну талап етілмейді.  ҚР аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан, сондай-ақ Әзірбайжан, Молдова, Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының аумағынан келетін адамдар анықтаманы «COVID-19сыз саяхат» мобильді қосымшасымен ұсынады.