Эпидемиологтар: Қарағанды облысында "ұжымдық иммунитет" көрсеткіштеріне қол жеткізілмеді

Эпидемиологтар: Қарағанды облысында "ұжымдық иммунитет" көрсеткіштеріне қол жеткізілмеді

              Эпидемиологиялық мониторинг деректеріне сәйкес облыс бойынша коронавирустық инфекция бойынша жағдай тұрақсыз болып қалуда, сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда. Мәселен, өткен аптаны алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдықтың 2,6 есе өсуі тіркелген. Облыста барлығы 135 235 жағдайы, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 2 058 жаңа жағдайы тіркелді. Репродуктивті сан әлі де бірліктен жоғары және 1,093 құрайды.

                100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші - 9491,0 құрады, оның ішінде симптомдары бар науқастар – 82,6%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 17,4%.

                 Облыстық көрсеткіштен жоғары аурушаңдық Қарағанды, Жезқазған қалаларында және Нұра ауданында байқалады. Балқаш және Теміртау қалаларында, Абай ауданында да сырқаттанушылықтың белсенді тіркелуі байқалады.

                 Жас құрылымында 50 жастан асқан адамдар басым (47%), екінші орында 30-49 жастағы адамдар (27,3%) және үшінші орында 14 жасқа дейінгі балалар (13%). Сырқаттанушылықтың ең жоғары көрсеткіштері зейнеткерлер арасында – 20% және жұмыс істемейтіндер арасында – 24% тіркелді.

                 Облыста 18 жастан асқан 897 340 адам вакцинациялауға жатады. 26 қаңтардағы жағдай бойынша бірінші компонентпен – 619 804 (69,1%) егілді, 569 703 (63,5%) адам вакцинациялаудың толық курсын алды.

                 "Комирнати" вакцинасымен (Pfizer/BioNTech компаниясы өндірген) 22 661 адам бірінші компонентті алды.

                  Вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын-алудың ең тиімді әдісі болып табылады, ал ревакцинация қалыптасқан иммунитетті нығайту мақсатында жүргізіледі. Бүгінгі күні облыс бойынша 85 433 адам үшінші бустерлік дозамен ревакцинациядан өтті.

                  Өңірге "Спутник Лайт" (Ресей) вакцинасы 8 000 доза көлемінде жеткізілді, партия бұрын вакцинацияның толық курсын алған 18 жастан асқан халықты қайта вакцинациялауға арналған. Сонымен қатар, ревакцинация үшін "QazVac" және "Vero Cell" вакциналарын пайдалануға болады, ревакцинация үшін 60 жастан асқан адамдар "Pfizer" шығарған "Comirnati" вакцинасын ала алады.

                 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес ДДҰ мақұлдаған вакциналармен COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан алу үшін адамдар санаты кеңейтілді, атап айтқанда, бұл шетелге шығатын адамдар, емделуге, оқуға жіберілетін пациенттер. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға қарсы соңғы вакцинация мен вакцинацияның толық курсы арасындағы интервал кем дегенде 90 күн болуы керек.

                 Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "ұжымдық иммунитетке" қол жеткізу үшін облыс тұрғындарының кемінде 70%-80% егілуі тиіс екенін еске салады. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес, күн сайын коронавирустық инфекцияның 2000-ға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, осыған байланысты COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинация алуды ұсынамыз.