Қарағанды облысының эпидемиологтары COVID-19 бойынша жағдайға алаңдаулы!

Қарағанды облысының эпидемиологтары  COVID-19 бойынша жағдайға алаңдаулы!

              Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдай нашарлауда. 13 қаңтарда бағалау матрицасына сәйкес өңір "қызыл" аймаққа өтті.

               Бүгінгі таңда пандемия басталғаннан бері коронавирустық инфекцияның 110 955 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші – 7787,2 құрады. Облыс бойынша репродуктивті сан бір күн бұрын бірліктен асса, ал бүгінде ол 2,856 құрайды. Соңғы күндері COVID-19 жаңа фактілерінің саны тәулігіне 669-ға дейін өсті. Сырқаттанушылықтың орташа облыстық көрсеткіштен асатын жоғары көрсеткіштері Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск қалаларында және Абай ауданында байқалады.

                Көбінесе 50 жастан асқан адамдар ауырады, олардың үлес салмағы – 55 %, еңбекке қабілетті жастағы адамдар – 30-49 жас екінші орында – 26 %, 14 жасқа дейінгі балалар - 10 %. Сырқаттанушылықтың ең жоғары көрсеткіштері зейнеткерлер арасында – 33% және жұмыс істемейтіндер арасында – 26% тіркелді.

                Облыста Sars-CoV-2 "омикрон" жаңа штаммы әлі анықталған жоқ, бірақ ол Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларында анықталды. Облыс астанамен көршілес орналасқан және халықтың көші-қоны жоғары болған жағдайда "омикронның" Қарағанды өңіріне әкелінуі мен айналымы да жоққа шығарылмайды.

                Жағдайдың осындай дамуы мүмкін екенін ескере отырып, Қарағанды облысының эпидемиологтары жұқтыру және жаңа штаммның одан әрі берілу қаупін азайту үшін вакцинациялауды және қайта вакцинациялауды ұсынады. Ауру жағдайында да вакцинация оны оңай өткізуге, сондай-ақ реанимацияға жетпеуге мүмкіндік береді.

                 Облыста 18 жастан асқан 897 340 азамат вакцинациялауға жатады. 13 қаңтардағы жағдай бойынша бірінші компонентпен егілді – 605 627 немесе 67,4 %, 562 028 адам немесе 62,5% толық курстан өтті.

                  "Комирнати" вакцинасымен (Pfizer/BioNTech компаниясы өндірген) 15 981 адам егілді, оның ішінде жүкті әйелдер – 569, бала емізетін әйелдер – 2 594, жасөспірімдер – 12 818.

                  Қарағанды облысының СЭБД өзінің денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіз өмірі үшін жеке жауапкершілікті көрсете отырып, эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеуге болатындығын еске салады.