Алматы облысында ревакцинация жұмысы жүргізілуде

Алматы облысында ревакцинация жұмысы жүргізілуде

               Ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап Алматы облысының аумағында халықты коронавирустық инфекциядан ревакцинациялау жұмысы басталды. Ревакцинация - бұл COVID-19 вакцинасынан кейін иммунитетті сақтауға бағытталған қайта егу.

              Ревакцинацияның бірінші кезеңін медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері және 60 жастан асқан адамдар. Сондай-ақ, дербес тексерілген және антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдарға рұқсат етіледі. Екінші кезең 2022 жылдың қаңтар айында басталады. Бұл жолы үшінші дозаны алты және тоғыз ай бұрын алғашқы вакцинациядан өткен Алматы облысының барлық тұрғындары ала алады.

             ДДҰ ұсынымдары бойынша "Спутник V" векторлық вакцинасын алған адамдарға екінші компонентті алғаннан кейін тоғыз айдан соң үшінші доза ретінде инактивтендірілген QazVac вакцинасын қолдану ұсынылады.

            Бүгінгі күні облыста ревакцинация курсынан 140 адам өтті, оның ішінде 138-і медицина қызметкері және 60 жастан асқан 2 адам бар. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап облыста жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жұмыстары басталды. Жалпы облыста 225 810 адам Комирнати вакцинасымен иммундауға жатады, оның ішінде 12 - ден 18 жасқа дейінгі балалар саны - 147 000, жүкті әйелдер - 34 510, лактация кезеңіндегі әйелдер-44 300. 30 қарашадағы жағдай бойынша облыста вакцинаның бірінші компонентін 2328 жасөспірім, лактация кезеңінде 382 әйел және жүктілік кезеңінде 62 әйел алды.