Қарағанды облысында 200 мыңнан аса адам тұмауға қарсы вакцина алды

Қарағанды облысында 200 мыңнан аса адам тұмауға қарсы вакцина алды

               Вакцина қабылдаған тұлға өзін ғана емес, айналасындағы адамдарды да қорғайды. Кейбір адамдарға, мысалы, қатты ауыратын адамдарға белгілі бір вакциналарды алмауға ұсынылады, сондықтан олар вакцина қабылдауға мүмкіндігі бар және сол арқылы аурудың таралуын азайтуға көмектесетін басқа адамдарға тәуелді. 

              Қарағанды облысында ЖРВИ және тұмау бойынша маусым бүкіл республикадағыдай қазан айында басталғанын атап өткен жөн. Департамент осы кезеңде тұмау және тұмау емес вирустардың аурушаңдығы мен айналымына күнделікті мониторинг жүргізеді.

               2021 жылғы 15 қыркүйектен 29 қарашаға дейін Қарағанды облысында тұмауға қарсы 203 104 адам егілді, екпе алғандардың үлес салмағы облыс халқының жалпы санының 14,3%-ын құрады. Оның ішінде тегін негізде 200 000 адам, ақылы негізде 3104 адам вакцина алды. Вакцинадан кейінгі реакциялар тіркелген жоқ.

               Эпидемиялық маусым басталғаннан бері облыста ЖРВИ ауруының 10 823 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 795,5 құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға төмен. Өңірде H3N2 тұмауының 12 жағдайы зертханалық расталды.

               Қарағанды облысында егу кампаниясы басталған сәттен бастап бірінші компонентпен – 581 628 (64,8%), екінші компонентпен – 534 617 адам (59,6%) егілді. Халықты иммундау үшін Спутник-V, QazVac, Sinopharm, Comirnaty (Pfizer) вакциналары қолданылады.

               Өңірде "Comirnaty" препаратымен вакцинация 15 қарашада басталды. 29 қарашаға сәйкес облыста "Comirnaty" вакцинасымен (Pfizer) 2814 адам вакцинацияланды, оның ішінде жүкті әйелдер – 98, лактация кезеңінде әйелдер – 436, 12 жастан асқан жасөспірімдер – 2280.

              Аймақта коронавирустық инфекцияға қарсы халықтың ревакцинациясы 22 қарашадан басталды. КВИ-ға қарсы ревакцинация мынадай аралықтарды сақтай отырып: векторлық вакциналарды енгізгеннен кейін - 9 айдан кейін; инактивацияланған және М-РНК-вакциналарды енгізгеннен кейін - 6 айдан кейін жүргізіледі; ревакцинация кезінде алғаш қабылдаған препаратты да егуге болады. Өңірде ревакцинациядан 1268 адам өтті.

              Қазіргі уақытта эпидемиологиялық мониторинг деректері бойынша 50 жастан асқан адамдар жиі ауырады.  Сонымен бірге, коронавирустың жаңа штаммы анықталған Оңтүстік Африка Республикасының медицина қызметкерлері омикрон штамы жас адамдарға жиі әсер етеді деп алаңдайды, осыған байланысты біз баршаңызды, оның ішінде бұрын басқа штамдармен ауырғандарды да вакцинациялануға, сөйтіп өзіне және жақындарына қамқорлық жасауға шақырамыз!