Көліктегі санитариялық бақылаушылар халықтың денсаулығын сақтау мақсатында 1 406 904 жолаушыны тексерді

Көліктегі санитариялық бақылаушылар халықтың денсаулығын сақтау мақсатында 1 406 904 жолаушыны тексерді

                Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы санитариялық-карантиндік бақылау барысында 2021 жылдың 10 айында  32 054 көлік құралдары, соның ішінде – 9 637 теміржол,  10 544 − әуе және 11 873 − теңіз көліктері санитариялық тексерумен қамтылды.

                Санитариялық-карантиндік бақылаумен (тексерумен және сұраумен) 1 406 904 жолаушылар қамтылды. Шекарадан өткен адамдарды тексеру барысында 2021 жылдың 10 айында дене қызуы жоғары және жұқпалы ауруларға күдікті -  21 науқас анықталды,  ауруханаға жатқызылғаны саны - 11.

                Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 23.10.2020 жылғы № 59 қаулысына сәйкес 01.01.2021 жылдан бастап 31.10.2021 жылға дейін келген авиажолаушылар саны-1 320 013 адамды, оның ішінде ПТР анықтамаларымен 1 291 501 адамды, ПТР анықтамасыз 28 512 жолаушыны санитариялық - карантиндік бақылаумен қамтылды, 10 айда 54 адам (Түркия, Өзбекстан, Ресей, Венгрия азаматтары) кері өз еліне қайтарылды.

                Департаменттің ұйымдастыруымен әуежай, темір жол, шекара және кеден қызметтерінің өкілдерімен, медицина қызметкерлерімен 35 семинар-кеңес, туристік агенттіктермен, авиакомпаниялармен, әуе кемелерінің экипаждарымен, пойыз бригадаларымен, медициналық қызметкерлермен 68 147 нұсқаулық өткізілді, коронавирустық және карантиндік инфекциялардың алдын алу бойынша 88 188 буклет, жадынамалар, парақшалар таратылды.

                Қазақстан Республикасының аумағына аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында алыс және жақын шетелдерден келетін адамдарға міндетті түрде байланыссыз термометрия жүргізе отырып, күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудан өткені туралы анықтамаға сауалнама жүргізу және тексеру жалғасуда.