ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 15 қарашадағы №49 «Қазақстан Республикасында халыққа COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялау жүргізу туралы» қаулысына сәйкес, елімізде 22 қарашадан бастап халықты коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялау басталды.
Қаулыға сай КВИ-ге қарсы ревакцинациялауға жататын халықтың контингенттері (тәуекел топтары):
Ревакцинация дегеніміз не? Ревакцинация - бұл алдыңғы вакцинациялар нәтижесінде пайда болған вакцинадан кейінгі иммунитетті сақтауға бағытталған шара.
Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап 251 тұрғын ревакцинация алды, оның ішінде бірінші күні - 131 адам, екінші күні - 120 адам екпе салдырған. Олардың көпшілігі (249 адам) отандық «QazVac» вакцинасын алуға ниет білдірсе, облыстың екі тұрғыны қытайлық «Sinopharm» препаратын таңдаған.
Ғалымдардың айтуынша, вакцина алғаннан кейін адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болып, бетперде киіп, арақашықтықты сақтау қажет.