Алматы қаласында COVID-19-ға қарсы иммундық жүйені 253 адам нығайтты

Алматы қаласында COVID-19-ға қарсы иммундық жүйені 253 адам нығайтты

               Әзірлеушілер мен сарапшылар атап өткендей, вакциналар коронавирустан ұзақ мерзімді қорғаныс бермейді, сондықтан бүгінде ревакцинациядан өту ұсынылады. Вакцинацияланған адамдарда антиденелер қысқа мерзімді уақыттан кейін жоғалады, яғни аурудың ықтималдығы артады. Қазіргі уақытта коронавирустың неғұрлым жұқпалы «дельта» нұсқасы тіркелген кезде, вакцинация мен ревакцинациядан өту өте маңызды.

               Иммунитетті күшейту үшін «айқаспалы вакцинациясы» қағидаты ұсынылады. Әр түрлі вакциналар иммундық реакцияға басқаша әсер етеді сондықтан екпені басқа вакцинамен ауыстырудың пайдасы бар.

               Қайта егу, бастапқы вакцинация сияқты, аурудан кейін де иммундық жүйеге вирустың көрінісін «еске түсіруге» көмектеседі, демек иммундық реакцияны жұмылдыру тез қабылданады және аурушандықтың ауыр деңгейін әрі өлім қаупін төмендетеді.

               КВИ-ға қарсы ревакцинация мынадай аралықтарды сақтай отырып жүргізіледі:

               1) векторлық вакциналарды енгізгеннен соң - 9 айдан кейін;

               2) инактивацияланған вакциналарды және М-РНК-вакциналарды енгізгеннен соң – 6 айдан кейін.

               2021 жылғы 22 қарашада Алматы қаласында COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды. Қазіргі кезде ревакцинация жасау үшін 25 мың дозадан астам «QazVac» және 143 мың дозадан астам «Sinopharm» инактивтендірілген вакциналары қолжетімді.

               Бірінші кезекте ревакцинацияға тұрғындардың осал топтары жатады, олар - медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелер, жабық балалар мекемелері, 60 жастан асқан адамдар, КВИ қарсы толық вакцинация курсынан кейін антитела анықталмаған иммунитеті төмен адамдар, өз бетінше тексерілген және КВИ-ға қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар жатады.

               Соңғы екі күнде, 24 қараша күнгі таңертеңгі мәліметтеріне сәйкес Алматы қаласында КВИ-ға қарсы 253 адамның иммундық жүйесі күшейтілді.

               Сондай-ақ, қалалық емханаларда жүкті әйелдерге (жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін), 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге және бала емізулі аналарға (босанғаннан соң 42 күннен кейін) COVID-19 -ға қарсы «Pfizer» компаниясының «Comirnaty» екпесін салу да жүргізіліп жатыр. Бүгін Алматы қаласында күн сайын 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. Қалада 2026 бала емізетін ана, 529 жүкті әйел (жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін) және 12-17 жас аралығындағы 5941 жасөспірім «Comirnaty» (Pfizer) препаратымен екпе алды.