Көлік объектілеріндегі тұрақты эпидемиологиялық жағдай-COVID-19-ға қарсы күресте маңызды фактор

Көлік объектілеріндегі тұрақты эпидемиологиялық жағдай-COVID-19-ға қарсы күресте маңызды фактор

               Қазақстан Республикасында пандемия басталғаннан бері әуе, теміржол және су көлігі объектілерінің қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның 3088 жағдайы және коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы тіркелді. Ең көп жағдай Алматы, Павлодар және Ақмола аймақтарының көлік қызметкерлері арасында байқалады. Коронавирустық инфекцияның ең көп үлес салмағы теміржол көлігі қызметкерлерінің – 64,0 %, әуе көлігі қызметкерлерінің – 32,1 %, су көлігі қызметкерлерінің – 3,8% арасында тіркелді.

                2021 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша COVID-19 − ға қарсы вакцинациясының бірінші компонентімен – 119 943 (86%), екінші компонентімен -109 050 (79%) көлік қызметкері қамтылды. Көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы 100% вакцинациялау мақсатында тұрақты негізде көлік субъектілеріне көліктегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпараттық сипаттағы хаттарды жібере отырып, ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, көлік кәсіпорындары қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта кеңестер, семинарлар өткізіледі.

                Аумақтық денсаулық сақтау басқармаларының қатысуымен және көлік субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде республиканың әуежайларында, теміржол вокзалдарында вакцинация пункттерін, сондай-ақ жылжымалы вакцинация пункттерін ашуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.

                Бүгінгі таңда, 15 стационарлық егу пункттері жұмыс істейді, олардың 7 пункті Ақтөбе, Алматы-1, Атырау, Шымкент, Түркістан, Нұр-Сұлтан-1, Нұрлы-Жол теміржол вокзалдарында, 8 − Ақтөбе, Алматы, Атырау, Тараз, Семей, Түркістан, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларының халықаралық әуежайларында және Өскемен, Ақтау, Павлодар, Семей қалаларының теміржол вокзалдарында 4 жылжымалы егу пункттері орналасқан.