Мониторингтік топтар Жамбыл облысындағы бұзушылықты анықтауда

Мониторингтік топтар Жамбыл облысындағы бұзушылықты анықтауда

               Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин кезеңінде қызметін жүзеге асыратын объектілердің санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау үшін мониторингтік топтар құрылып жұмыс істеуде.

                38 мониторингтік топтың құрамына жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облыстық филиалы, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері кіреді.

                 1 қаңтар мен 11 қазан аралығында 3 124 рейд жүргізіліп, 14 572 нысан тексерумен қамтылып, 1 010 бұзушылық анықталды. Нысандардың басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер жасалынып, айыппұлдар салынды.

                   81 кәсіпкерлік нысанда карантиндік іс-шараларды қасақана бұзу фактілері анықталды, бұл – 73 қоғамдық тамақтану орны, 3 компьютерлік клуб, 2 сауда объектісі, 1 лото-клуб, 1 балалар ойын-сауық орталығы және 1 кинотеатр. Сот шешімімен 15 нысанның қызметі тоқтатылды.

                   Мониторингтік топтар берген тексеру материалдары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды, 123 449 382 теңге сомасына айыппұл салынды.