1 қаңтар мен 11 қазан аралығында ҚР ДСМ өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен мониторингтік топтар 189 840 рейд жүргізді. Тексерулермен барлығы 1 011 727 кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі қамтылды. Жалпы санынан 27 427 нысан бұзушылықтармен анықталды (2,7%).
Карантиндік шараларды сақтаудағы көптеген кемшіліктер ШҚО (5 438), Түркістан облысында (4 560), Алматы қаласында (4 061), Шымкент қаласында (2 537), Қарағанды өңірінде (1 726) және Нұр-Сұлтан қаласында (1 645) анықталды.
Жол берілген негізгі бұзушылықтардың бірі-карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, рұқсат етілмеген бұқаралық іс-шараларды өткізу.
Нәтижесінде 4 158 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 3 829 ұйғарым берілді, 406 материал сотқа берілді, 113 нысанның қызметі тоқтатылды.
Шектеу шараларын, оның ішінде карантиндік шараларды бұзғаны үшін 25 667 шағын және орта бизнес субъектілері жауапкершілікке тартылды. Шаруашылық жүргізуші 15 534 субъектіге және 10 133 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды, құқық бұзушылар тарапынан төленуге жататын санкциялардың жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асады.