Түркістан облысында 2 мыңнан астам оқушы карантинге жіберілді

Түркістан облысында 2 мыңнан астам оқушы карантинге жіберілді

              Жаңа оқу жылының басынан 20 қыркүйекке дейін Түркістан облысында 38 мұғалім мен 148 оқушы коронавирустық инфекциямен ауырды. 71 оқушы сабаққа офлайн форматта қатысты, қалған 77 оқушы оқу жылы басталғанға дейін жұқтырған. ​​​​​​​​​​​Эпидемияға қарсы іс-шаралар барысында науқастармен байланыста болған 2 176 оқушы, яғни 92 сынып 14 күндік үй карантиніне оқшауланып, оқыту онлайн-форматқа ауыстырылды. ​​​​​​​​​​​​

              "2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу туралы" ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №36 қаулысына сәйкес сыныпта (топта) COVID-19 ауруы тіркелген жағдайда сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауланады. Облыстың 934 білім беру ұйымдарында 100% "ASHYQ"бағдарламасы енгізілген.

              Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары COVID-19 -дың таралуын болдырмауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. ​​​​​​​​​​​​Жаңа оқу жылы қарсаңында "ZOOM" платформасы арқылы мектеп директорлары мен оқу орындарының медицина қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша семинарлар өткізілді.

              ҚР БМСД қаулысына сәйкес жауапты қызметкерлер барлық педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың дене температурасын байланыссыз термометрмен қатаң бақылауы, қолды антисептикпен өңделуін бақылауы қажет.​​ Әрбір қабатта, қолжетімді жерлерде антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылуы, мөлшерлегіштерде сабынның, қол жуу ережелері бар плакаттардың болуы, сондай-ақ білім алушылардың әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауы тексерілуі тиіс. ​​​​​​

              Құрметті ата-аналар,  оқушылар мен ұстаздар ! COVID-19 эпидемиясының алдын алу үшін үнемі бетперде киіп, антисептиктерді қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек екендігін естеріңізге саламыз.