Сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмыс режимі жөніндегі БАҚ хабарлаған ақпарат туралы

Сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмыс режимі жөніндегі БАҚ хабарлаған ақпарат туралы

      Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылғы 6 тамызда жарияланған сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмыс режимін ұзарту туралы ақпаратқа қатысты келесіні хабарлайды.

2021 жылғы 29 шілдеде «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №33 Қаулысы (бұдан әрі – №33 БМСДҚ) қабылданды.

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлеріне (№33 БМСД-ға 4-қосымша) сәйкес СОО «жасыл» және «сары» аймақтарда шектеусіз жұмыс істеу режимімен жобаға қатысуға жіберілді, «қызыл» аймақтарда сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, «қою қызыл» аймақта сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсете алады.

Бұл ретте, №33 БМСДҚ-ның 9-тармағына сәйкес 2021 жылғы 2 тамыздан бастап 5 өңірде – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізілді.

№33 БМСДҚ-ның 11-тармағына сәйкес тиісті аумақтағы көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер «Ashyq» жобасын іске асыру мәселелері бойынша аталмыш Қаулыны басшылыққа алады және «жасыл», «сары», «қою қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы емес.

Сонымен қатар «қою қызыл» аймақтарда 2021 жылғы 9 тамыздан бастап «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі бар нысандарға сағат 00.00-ге дейін, басқа нысандарға ("Ashyq" қатысушыларына) сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат берілді.

№33 БМСДҚ-ның 4-қосымшасына сәйкес «қою қызыл» өңірлерде "Ashyq" жобасы қатысушыларының жұмыс режиміне қойылатын талаптар 2021 жылғы 9 тамызға дейін күшінде болады.

"Қою қызыл" аймақ денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені бағалау матрицасының критерийі болып табылады - бұл бір апталық кезең ішінде тәуекелдің шекті деңгейіндегі (инфекциялық төсектердің толтырылу көрсеткіші 70%- ан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда төсектердің толтырылу көрсеткіші 200-ден жоғары болған кезде) көрсеткіш.

Осыған байланысты ағымдағы жылғы 9 тамызда тиісті шаралар қабылдау үшін денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені сәйкес өлшемшарттар бойынша бағалау жүзеге асырылатын болады