Медицина мамандары мен науқастарды қорғауға бағытталған карантин шаралары

Медицина мамандары мен науқастарды қорғауға бағытталған карантин шаралары

      Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында COVID-19 инфекциясының аурухана ішінде таралуына жол бермеу мақсатында  пандемия басталғалы «Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау  объектілерінде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін карантин енгізу және шектеу шараларын күшейту туралы"  Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 7 қаулысы қабылданды (№ПГСВ-9 03.04.2020 г., №ПГСВ-29 25.05.2020 г., №ПГСВ-37  19.06.2020 г., №ПГСВ-54 21.10.2020 г., №ПГСВ-12 30.03.2021г., № ПГСВ-22 03.06.2021г., №, №ПГСВ-29  29.07.2021г.).

Аталған қаулыларға сәйкес емханалар мен стационарлар ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар науқастарды «сүзгі арқылы» қабылдайды, COVID-19 белгілері бар тұлғалар арнайы бөлінген изоляторға оқшауланады. Барлық денсаулық сақтау ұйымдары «лас» және «таза» аймақтарға бөлінген және санитариялық өткізгіштер, дене қызуын бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Дезинфекциялық режим және инфекциялық бақылау комиссияларының жұмысын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қатаң бақылауға алған.

2021 жылдың 1-ші жартыжылының қорытындысы бойынша ерекше тәртіппен және жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде анықталған талап бұзушылықтар бойынша емдеу ұйымдарының бірінші басшыларына және жауапты медициналық қызметкерлерге 62 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 8 334 83 теңге айыппұл  өндірілді. Бұдан бөлек анықталған бұзушылықтарды жою туралы 26 ұйғарым берілді.