Нұр-Сұлтанда оқшаулау режимін бұзған 200-ден астам адам анықталды

Нұр-Сұлтанда  оқшаулау режимін бұзған 200-ден астам адам анықталды

Ashyq жүйесі бойынша анықталған «қызыл» мәртебесі бар барлық жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

11 және 27 маусым аралығында елордада Ashyq жобасына қатысатын нысандарда оқшаулау режимін бұзған 491 келуші анықталды. Олардың 247-і -«қызыл» статусқа, 244-і «сары» статусқа ие.

Айта кетейік, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тәртіп бұзушылардың карантинде болу кезеңін анықтап жатыр. Аумақтық басқармалар санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы 23 қаулы беріп, 87 510 теңге мөлшеріндегі айыппұлды төлеуді көздейтін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 4 хабарламаны берді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ПТР-тестінің нәтижесі оң болған науқастарға және олармен байланыста болған елорда тұрғындарын 14 күндік үй карантинін сақтауға шақырады. Елорданың қоғамдық орындарын аралау кезінде олар Сovid-19 тасымалдаушылары бола тұра, иммунитеті төмен азаматтарды, қарттар мен балалардың, осал топтардағы азаматтардың ауруды жұқтыруына себепші болады. Сондай-ақ, олар Нұр-сұлтан қаласының «қызыл» аймақта болу кезеңін ұзарта отырып, сырқаттанушылықтың күнделікті өсімін қамтамасыз етуде.