Қостанай облысының 500-ге жуық кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» жобасына қосылған

Қостанай облысының 500-ге жуық кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» жобасына қосылған

«Ashyq» жобасы Қостанай облысының барлық аудандарында ағымдағы жылдың 26 сәуірінен бастап жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда Қостанай облысында «Ashyq» жобасына қосылған 481 нысанның 419-ы жоба қатысушылары болса,  62-сі тестілік режимде жұмыс істеп жатыр.

Өңірдегі шектеу талаптарының орындалуын бақылайтын мониторингтік топтар 268 нысанды («Ashyq» жобасына қатысушылар) тексіріспен қамти отырып, 127 рейд өткізді.

Аталмыш топтардың жұмысы барысында карантиндік талаптарды бұзған 4 нысан анықталды, 3 жеке тұлға («Ashyq» қатысушылары), 1 кәсіпкерлік субъектісі (жеке кәсіпкер) жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 466 720 теңгені құрайды.

26 сәуірден бүгінге дейін Қостанай облысында «Ashyq» жобасының көмегімен «қызыл» мәртебесі бар 8 тұлға және «сары» мәртебесі бар 6 тұлға анықталды. 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 131 265 теңгені құрайтын айыппұл салынды.