Ақтөбе облысында 400-ге жуық кәсіпкер «Ashyq» жобасына қатысуда

Ақтөбе облысында 400-ге жуық кәсіпкер «Ashyq» жобасына қатысуда

«Ashyq» жобасы Ақтөбе облысының аумағында 14 сәуірден бастап жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының 512 кәсіпкері «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 378-і QR-кодтарды жүктеген. Оған қоса 134 нысан пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жобаға қатысушы нысандар қызмет салаларының барлығын қамтып отыр. 

Бағдарлама енгізілгеннен бастап, өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда «сары» статусы бар 73 адам және «қызыл» статусы бар 22 адам анықталған.

10 және 17 маусым аралығында «Ashyq» жобасының көмегімен Ақтөбе облысында «қызыл» статусы бар 3 және «сары» статусы бар 11 оқшаулау режимін бұзушы анықталды.

«Ashyq» жобасын енгізудің негізгі мақсаты – коронавирус инфекциясының алдын алу, яғни ауру жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау.