Ashyq: «Turkistan» халықаралық әуежайында оқшаулау режимін бұзған азамат анықталды

Ashyq: «Turkistan» халықаралық әуежайында оқшаулау режимін бұзған азамат анықталды

Статусы «қызыл» түсті  көрсеткен Түркістан қаласының тұрғыны рейске жіберілген жоқ.

1 маусымнан бастап үй карантинінде жатқан Түркістан қаласының тұрғыны 10 маусымда өзін-өзі оқшаулау кезеңінің аяқталуын күтпестен қаладан кетуге тырысқан. Азаматтың коронавирустық инфекцияға шалдығуына байланысты карантинге жатқызылған уақытынан 14 күннің өтпегендігі жөнінде «Turkistan» халықаралық әуежайында Ashyq жобасы аясында белгілі болды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары оқшаулау режимін бұзушыға әкімшілік айыппұл салды. ӘҚБтК-нің 452 бабына сәйкес оның мөлшері 87 510 теңгені құрайды.

Түркістан облысында 10-15 маусым аралығында Ashyq ақпараттық платформасының көмегімен өзін-өзі оқшаулау режимін бұзудың 6 жағдайы тіркелген. Қызыл түс 2 пайдаланушыда, сары түс 4 пайдаланушыда анықталған.

Еске салайық, 10 маусымда Қазақстанда КВИ-ға шалдыққан науқастар және олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитариялық-эпидемиологиялық талаптар күшіне енген болатын. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасының көмегімен анықталады.