Денсаулық сақтау министрлігі ҚР СІМ бірлесіп, бірқатар елдермен вакцинациялау төлқұжаттары жөнінде келіссөздерді жүргізуде

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР СІМ бірлесіп, бірқатар елдермен вакцинациялау төлқұжаттары жөнінде келіссөздерді жүргізуде

Бүгінгі таңда әр мемлекет үшін өзінің вакцинациялау паспортының басқа елдерде мойындалуы өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Пандемия жаңа әлемдік міндеттерді алға қойды. Оларды шешу жедел іс-қимылды талап етеді. Сол себепті Денсаулық сақтау министрлігі ҚР СІМ-мен бірлесіп, бірқатар мемлекеттермен вакцинациялау паспорттарын өзара мойындау мәселесін пысықтауда. Келіссөздерді жүргізудің нәтижесінде тізімге алғашқы болып Венгрия, Таиланд және Моңғолия сияқты үш ел енді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Аталмыш тізімдегі елдердің қатарын тез арада ұлғайтамыз деп үміттенеміз.