Карантин режимін бұзғаны үшін 80-нен астам нысанның қызметі уақытша тоқтатылды

Карантин режимін бұзғаны үшін 80-нен астам нысанның қызметі уақытша тоқтатылды

Шектеу режимін бұзу оқиғаларының басым бөлігін карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу құрайды.

Осы жылдың 1 қаңтары мен 5 маусымы аралығында мониторинг топтары 97 885 рейд жүргізіп, 603 352 нысанды тексерді.

Аталмыш шаралардың нәтижесінде 16 493 нысанның (2,7%) карантин талаптарын бұзғаны анықталды. Шектеу режимін бұзу оқиғалары негізінен Шығыс Қазақстан (4052), Түркістан (2600), Алматы (1023) облыстарында және Алматы (2264), Шымкент (1743) қалаларында анықталған.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,4 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,9 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден асады.