Түркістанда карантин кезінде өткен концерттің ұйымдастырушылары жазаланды

Түркістанда карантин кезінде өткен концерттің ұйымдастырушылары жазаланды

26-шы мамырда Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасына облыс орталығында концерттік  шараның ұйымдастырылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Басқарма тарапынан шұғыл түрде Түркістан қалалық полиция басқармасының басшысына шараны ұйымдастырушыларды анықтау туралы қызметтік хат жолданды.

Тәртіп сақшылары  іс-шараны ұйымдастырғандарды бірнеше күннен кейін анықтады.

Полицияның баянатында, 24 мамырда сағат 19:00 шамасында  Түркістан қаласында жаңа кинотеатрдың  ашылуына байланысты концерттік шараның өткені көрсетілген. Кинотеатрдың ашылу салтанатына орай ұйымдастырыған концерке шамамен 400-450ге жуық  адам жиналған.

Карантин режимін бұзған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 18 мамырында Түркістан облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұқаралық шаралардың өткізілуіне тыйым салатын қаулысы шыққан болатын.