Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары балаларды сауықтыру лагерьлерін тексеруге кірісті

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары балаларды сауықтыру лагерьлерін тексеруге кірісті

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына сәйкес республиканың аумағында балаларды сауықтыру лагерьлерінің қызметіне рұқсат етілген.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен олардың аумақтық бөлімшелерінде балаларды сауықтыру ұйымдарын тексеру жұмыстары басталды.

17 мамырдағы жағдай бойынша республика аумағындағы 11 балаларды сауықтыру ұйымы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алды. Атап айтқанда, Алматы облысында – 1 (Еңбекшіқазақ ауданы, ЖК Гардттың «Тау-Жаңашар» балалардың белсенді демалыс орталығы ЖМ-сі); Павлодар облысында – 1 (Павлодар ауданы, Мичурин ауылы «Балдәурен»  оқу-сауықтыру орталығы МКҚК); Түркістан облысында1 («Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру орталығы, Төлеби ауданы); Ақтөбе облысында – 2 («Әсем» лагері; «Күншуақ» балаларды жыл бойы сауықтыру лагері»); Қызылорда облысында – 6 (Қызылорда облысы білім беру басқармасының «Облыстық қосымша білім беру және олимпиадалар орталығы» МКҚК, Жалағаш аудандық білім беру бөлімінің «Ақтерек» сауықтыру лагері»  МКҚК, Сырдария аудандық білім беру беру бөлімінің «Жалын» сауықтыру орталығы»   МКҚК, Шиелі аудандық білім беру бөлімінің «Сыр-ұланы» сауықтыру лагері»   МКҚК, Жаңақорған аудандық білім беру бөлімінің «Тау самалы»  сауықтыру лагері»  МКҚК, Қызылорда облысы білім беру басқармасының «Облыстық қосымша білім беру және олимпиадалар орталығы» МКҚК) балалар лагерінің қызметіне рұқсат берілген. 

Сауықтыру ұйымдарының барлығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №146 бұйрығымен бекітілген «Балаларды сауықтыру және санаториялық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

 

Балалар лагерьлері (жыл бойы жұмыс істейтін ұйымдарды қоспағанда) сауықтыру маусымы басталғанға дейін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуға міндетті.

Жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны нысанды пайдалану мерзімі басталғанға дейін бір рет алады.