Неліктен егілу керек?
ХХ ғасыр вакцинация арқылы - адамға 20 жыл қосымша өмір берді! Кез-келген екпе қорғайтын инфекциясымен салыстырғанда жүздеген есе қауіпсіз. Бірақ вакцинация туралы әрдайым көптеген пікір таластар бар. Кез-келген елде және кез-келген уақытта: вакциналар зиянды және оларды қолданбаған жөн дейтін адамдар болады. Дегенмен медицина және адамзат тарихы керісінше дәлелдейді, бірақ вакцинаға қарсы пікір таластар басылмайды.
Профилактикалық егу (вакцинация) балалар үшін де, ересектер үшін де өте маңызды. Бұл шара емдеуге болмайтын немесе емдеу өте қиын болатын аурулардың (вирустық гепатит В, дифтерия, сіреспе, көкжөтел және т.б.) алдын-алудың жалғыз құралы болып табылады. Кішкентай нәресте үшін профилактикалық егулер өте маңызды, өйткені оның ағзасы әртүрлі инфекцияларға өте осал келеді. Егер анасы уақтылы егілсе немесе қандай да бір аурумен ауырса, онда баланың өмірін алғашқы айларында аналық антиденелер әлі де қорғауы мүмкін, бірақ содан кейін қорғаныс антиденелер әлсізденеді және мұнда профилактикалық егусіз мүмкін емес. Сондықтан вакцинацияны егу күнтізбесіне сәйкес ерте жастан бастау керек.
Алдын алуға болатын аурулардан қорғау құқығы – бұл әр адамның құқығы. Екпе ағзаны микробтар мен вирустардың патогендік әсерінен қорғайтын барлық қорғаныс механизмдерін қамтиды, адам ағзасы инфекциялардың алдын алуға егілген ауруға қарсы иммунитетке ие болады. Эпидемиялық паротитке, қызамыққа, көкжөтелге, В вирустық гепатитіне қарсы екпенің жүргізілуі, осы инфекциялармен сырқаттанушылықтың спорадиялық деңгейіне тіркелуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Алайда қол жеткізілген жетістіктер иммундаудан бас тартуға себеп болмауы тиіс. Ұжымдық иммунитеттің деңгейі төмендегеннен кейін инфекцияның «қайта оралуы» сөзсіз. Әлем бойынша көптеген мысалдар жинақталды, тіпті вакцинацияға назар аударудың біршама әлсіреуі, жаңа індеттердің пайда болуымен, вакцинацияның маңыздылығын бірден еске түсіреді. Вакцинация деңгейі мен инфекциялық сырқаттанущылықтардың арасында нақты кері байланыс бар. Неғұрлым егілгендер көп болса - соғұрлым әртүрлі инфекциялармен сырқаттанғандар саны аз болады.
Вакциналар иммундық жүйенің реакциясына нақты инфекция бар сияқты әсер етеді. Содан кейін иммундық жүйе «инфекциямен» күреседі және оны тудырған микроорганизмді есте сақтайды. Сонымен қатар, егер микроб ағзаға қайта енсе, иммундық жүйе онымен тиімді күреседі. Вакцинацияның мәні - вакциналар адам ағзасына енгізіледі: әртүрлі инфекциялардың әлсіреген немесе өлтірілген қоздырғыштары (немесе қоздырғыштың ақуыздарына ұқсас жасанды синтезделген ақуыздар).
Вакциналарды шығаруға өте қатаң талаптар қойылады. Олар зиянсыздығына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне зертханалық және клиникалық бақылаудан өтеді, сондықтан оларды өндіру және өнеркәсіптік шығару мерзімі өте ұзақ. Сонымен қатар, өндіруші өндірілген вакцинаның әр партиясын тексереді.
Вакцинациядан кейін ағза әрдайым жауап беретінін түсіну керек. Белсенді реакциялар бар, бірақ олар өте сирек кездеседі. Мысалы, қызылшаға қарсы вакцинадан кейін құрысулар пайда болып, дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бірақ бұл егер адам екпе алмай, қызылшамен ауырса одан да ауыр түрдегі құрысулардың болатындығын дәлелдейді. Демек сіз таңдауыңыз қажет: қауіпті және өлімге әкелетін инфекцияны жұқтырасыз немесе дәрігердің көмегімен сау ағзаға екпе салдырасыз.
Бірақ көптеген ата – аналар екпелерді медициналық қызметкерлермен формальды түрде жасалады деп бағалайды, көбінесе сауықтыру сипатында қарамайды, оның салдары негізсіз екпеден бас тартуға әкеліп соқтырады. Барлық ата – аналар өз балаларының салуаттылығы мен денсаулығы үшін алаңдайды, осындай қағида вакцинопрофилактика үшін де салауатты өмір салты ретінде негізгі болып қалыптасуы тиіс. Ата – аналардың өз балаларының денсаулығына белсенді көңіл бөлуі және медициналық қызметкерлермен тығыз байланыста болуы вакцинопрофилактика үшін сенімді көз қарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Балаңызды қазір ектіру арқылы, Сіз тек сырқаттанушылықтың пайда болуының алын алып ғана қоймай, ауыр асқынулардан сақтап қаласыз, бұл өте маңызды. Сырқаттанбай тұрып, балаңызға қазір көмектесіңіз! Оның болашақ өмірін қауіпсіз етіңіз, өзіңізге дені сау немерелердің болу қауанышын силаңыз!