Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 13 мамырдағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 13 мамырдағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2549 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 353 140 жетті.

 Қазақстанда 2704 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 343,
Алматы қаласында - 786,
Шымкент қаласында - 9,
Ақмола облысында - 175,
Ақтөбе облысында - 87,
Алматы облысында - 388,
Атырау облысында - 98,
Шығыс Қазақстан облысында - 80,
Жамбыл облысында - 56,
Батыс Қазақстан облысында - 31,
Қарағанды облысында - 369,
Қостанай облысында - 17,
Қызылорда облысында - 85,
Маңғыстау облысында - 43,
Павлодар облысында - 66,
Солтүстік Қазақстан облысында - 10,
Түркістан облысында - 61.

Елімізде барлығы 310 168 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 14 мамырдағы ақпарат

14 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 472 адам коронавирус инфекциясынан (38 955 КВИ+ және 517 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 279 пациент стационарда, 25 193 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 774 адамның жағдайы ауыр,
• 180 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 12 мамырдағы мәлімет бойынша 127 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған. 89 адам жазылып шыққан.

 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 53 884, өлім жағдайлары - 851, барлығы 52 516 адам сауығып шықты.