Карантин талаптарын сақтау - қауіпсіз өмір мен ұлт саулығының басты шарты

Карантин талаптарын сақтау - қауіпсіз өмір мен ұлт саулығының басты шарты

Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасуда. 2021 жылғы 01 қаңтар мен 10 мамыр аралығында жұмысшы топпен 80 352 рейд жүргізіліп, 500 646 нысан тексерумен қамтылды. Нәтижесінде 14 475 (2,8%) бұзушылық анықталды. Карантин талаптарын бұзушылықтардың басым көпшілігі келесі өңірлерде тіркелді: ШҚО (3 646), Түркістан(2 230), Алматы (2 036), Шымкент (1 609) және Алматы облысы (962).

​Мониторинг барысында анықталатын негізгі бұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу.

​Аталған мерзімде 268 материал сотқа жолданды. Сот шешімімен 70 нысанның қызметі тоқтатылды.

8 271 кәсіпкерлік нысан мен 6 425 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,155 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.