Түркістан өңірінде індемеске қарсы күрес жұмыстары басталды

Түркістан өңірінде  індемеске қарсы күрес жұмыстары басталды

Түркістан облысында Сырдария өзенінің сол жақ  жағалауы   үлкен құм тышқандарының кең тараған, лейшманиоз ауруының табиғи ошағы болып табылады.          Үлкен құм тышқандарын шаққан індеместер  адамдарды шағу арқылы індетті ары қарай таратады.                                                                                                                   Осы аумақта орналасқан Отырар, Арыс, Шардара аудандарына қарасты  32 елдімекенде індемес жәндігі көп болғандықтан мұнда  жылына екі рет  (көктем, жаз мезгілдерінде)  дезинсекция жұмыстары жүргізіледі.                                                               Залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілу  сапасы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  жіті бақылауында.                                                               Қазіргі таңда, облыс бойынша  жоспарланған  9777   үй-жайлардың   911-і көктемгі  дезинсекциялық жұмыстармен қамтылды.

Ауру қоздырғышы- бір клеткалы қарапайымдылар лейшманиялар болып табылады. Ауруға шалдыққан адамның   терісінде  жаралар пайда болып, 3-6 айға дейін мазалауы мүмкін.     Нәтижесінде жараның беті тыртықтанып, зақым келеді.

Өткен жылы облыс бойынша 68 адам лейшманиозға шалдыққан, оның  ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 27-ні құрады.             

         Мамандар тері лейшманиозынан сақтану үшін  денеге арнайы жақпамайларды қолданып, ұйықтарда масахана құруды, терезелерді торлауды,  аулаларды таза ұстап, барынша қорғануға кеңес береді.