Hayat Vax вакцинасы туралы не білеміз?
Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасы - бұл белсенділігі жойылған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Рас-Аль-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық өндірісінде шығарылған.
Hayat Vax вакцинасын БАӘ Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі 2020 жылдың 09 желтоқсанында тіркеді, содан кейін Қытайда 2020 жылы 30 желтоқсанда тіркелді.
Бүгінгі күні Қытайдан басқа вакцина БАӘ-де өндіруге мақұлданды.
Арнайы мәліметтерге сай Әлемнің 34 мемлекетіне бұл вакцинаның 50 миллионнан астам дозасы қолдануға жіберілген.
Hayat Vax вакцинасы тиімді ме?
Қазіргі күні бұл вакцинаның бүкіл Әлемде 10 миллионнан астам дозасы қолданылған және ешқандай жағымсыз жағдайлар тіркелмеген.
Қол жетімді және аралық нәтижелерге сүйене отырып дәлелденген мәліметтер:
Вакцина иммундық жауапты қалай тудырады?
Коронавирустық инфекция вирусының белсенділігі жойылып (өлтіріліп), тазартылған бөлшектерін енгізуге жауап ретінде дененің иммундық жүйесі ынталандырылып, ерекше антиденелер түзіледі.
Ал коронавирустық инфекцияның патогенді вирусы ағзаға түскенде, вакцинациядан кейін алдын ала жасалған антиденелер вирустық белоктарға жабысып, оларды блоктайды. Бұл жағдайда вирус денеге зиян келтіре алмайды.
Көптеген адамдарды вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді. Неғұрлым көп адамдар вакцинацияланған болса, олардың ауруға шалдығу мүмкіндігі аз болады.
Коронавирус індетінің одан әрі таралуын тұрақтандыру және алдын алу үшін халық арасындағы вакцинациялау 60% -дан кем емес деңгейде тұрақты ұстау керек.
Hayat Vax вакцинасымен вакцинациялау кімге арналған?
Hayat Vax вакцинасы 18 жастан асқан ересек адамдарға арналған (әсіресе созылмалы ауруларының өршу кезеңі жоқ кезінде егде адамдарға).
Ғылыми зерттеулер вакцинаның келесі топтар үшін қауіпсіз екенін дәлелдегенге дейін вакцина қолдануға кеңес берілмейді:
Вакцина УАҚЫТША ұсынылмайды:
Қазіргі күні вакцинаның 2-ші дозасын алғаннан кейін 2 ай өткеннен соң жүктілікті жоспарлау ұсынылады.
Жұқпалы аурулармен карым-қатынаста болған адамдарға вакцинациялау карантин мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылады.
Вакцинациялау барысында аса сақтықты талап ететін топтар:
Вакцинациядан кейін ықтимал мүмкіншілігі бар иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністер:
бұлшықет ауруы, артралгия, ұйқышылдық,
Бұл көріністердің ұзақтығы, әдетте, үш күннен аспайды және арнайы емдеу қажет етпейді!
Hayat-Vax вакцинасымен байланысты жағымсыз реакциялар тіркелмеген.
Hayat-Vax вакцинациясының толық курсы 2-4 апта интервалы бар 2 дозадан тұрады.
Вакцина 0,5 мл дозада иық бұлшықетінің жоғарғы үштен бір бөлігіне енгізіледі.
Hayat Vax вакцинасын тасымалдау және сақтау туралы
Hayat Vax вакцинасы, басқа инактивацияланған вакциналар сияқты, +20С -ден +80С -ге дейінгі температурада сақталады және тасымалданады.
Бұл облыстар мен қалаларға тасымалдауды және таратуды, сондай-ақ медициналық ұйымдарда сақтауды жеңілдетеді.
Инактивті вакциналарды мұздатуға БОЛМАЙДЫ!
Білу маңызды:
Коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцина:
Адамға COVID-19 жұқтыруы мүмкін емес, өйткені өлтірілген және тазартылған вирус вакцинацияланған адамдардың денесінде көбейе алмайды және иммунитеті әлсіз адамдарда да ауру тудыруы мүмкін емес.
Вакцинациялаудың алдында:
Вакцинациялаудан кейін барлық адамдар:
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Бұл асқынуларға әкелуі мүмкін.
Құрметті Қазақстандықтар!
Вакциналар - заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі және вакциналардың арқасында бүкіл Әлемде вакцинамен басқарылатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі жағдайлары азайған!
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина егу туралы шешіміңіз тек Қазақстанда ғана емес, жалпы Жер шарында коронавирустық инфекцияны жоюға баға жетпес үлес қосты деп сенеміз!