Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 10 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 10 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2842 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 269 519 жетті.
Оның ішінде:

- Алматы қаласында - 41079 (+709),

- Нұр-Сұлтан қаласында – 35592 (+591),

- Шығыс Қазақстан облысында - 23319 (+60),

- Павлодар облысында - 19475 (+42),

- Атырау облысында - 19872 (+131),

- Қарағанды облысында - 19096 (+210),

- Ақмола облысында – 16100 (+103),

- Батыс Қазақстан облысында – 16267 (+127),

- Алматы облысында - 16589 (+355),

- Қостанай облысында - 14161 (+33),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 13323 (+46),

- Шымкент қаласында -7557 (+88),

- Жамбыл облысында – 6739 (+49),

- Ақтөбе облысында - 6604 (+202),

- Түркістан облысында – 4685 (+24),

- Маңғыстау облысында - 4689 (+30),

- Қызылорда облысында - 4372 (+42).

 

Қазақстанда 1222 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 186,
Алматы қаласында - 428,
Шымкент қаласында - 5,
Ақмола облысында - 39,
Ақтөбе облысында - 29,
Алматы облысында - 80,
Атырау облысында - 158,
Шығыс Қазақстан облысында - 42,
Батыс Қазақстан облысында - 81,
Қарағанды облысында - 98,
Қызылорда облысында - 15,
Маңғыстау облысында - 7,
Павлодар облысында - 23,
Солтүстік Қазақстан облысында - 23,
Түркістан облысында - 8.

Елімізде барлығы 234 057 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 11 сәуірдегі ақпарат

11 сәуірдегі мәлімет бойынша, 32 899 адам короновирус инфекциясынан (32 241 КВИ+ және 658 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 003 пациент стационарда, 20 896 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
546 адамның жағдайы ауыр;
163 пациенттің жағдайы өте ауыр;
99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 9 сәуірдегі мәлімет бойынша 102 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған, 159 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 51 362, өлім жағдайлары - 727, барлығы 49 977 адам сауығып шықты.