2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында өнім қауіпсіздігінің мониторингісі аясында өткізілген жұмыстардың нәтижелері туралы

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында өнім қауіпсіздігінің мониторингісі аясында өткізілген жұмыстардың нәтижелері туралы

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында сауда объектілерінде тексерілген өнімдерді сараптау нәтижелері бойынша 8,9% сәйкес келмейтіндігін көрсетті, оның ішінде тағам өнімдері 4,9%.

Анықталған сәйкес келмейтін өнімдерінің негізгі үлесі шет елдерден әкелетін өнімдер, оның көлемі 96,8%, отандық өндіріс өнімі 3,2  % болып табылған.

Барлық сәйкес келмейтін тағам өнімдерінің 93% импортталатын өнімдерге келеді және 7% отандық өндіріс өніміне келеді. Микробиологиялық және физика-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталған. Таңбалау бойынша сәйкессіздік 57,8% тең, бұл сауда нысандары таңбалау бойынша бұзушылықтармен тағам өнімдерді қабылдауды тоқтатпағанын көрсетеді (мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат жоқ, өндірілген күні және жарамдық мерзімі көрсетілмеген, өндіруші туралы ақпаратсыз және т.б.), мұның өзі өнімді сату сатысында қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктерге (ішек таяқшасының және патогенді микроағзалардың болуы) 15,8% - ы тиесілі. Осылайша, мониторинг нәтижелері бойынша басқа елдерден әкелінетін құс өнімдері, ет және сүт өнімдері, отандық өндірістің сэндвичтері, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін шығу тегі белгісіз балық өнімдері анықталды.

Бұдан басқа, жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді, оның ішінде май, консервіленген жеміс-көкөніс өнімдері мен құс өнімдерін сату фактілері анықталуда. Сақталатын мерзімі өткен тағам өнімдерінің үлес салмағы сәйкессіздіктердің барлық түрлерінің 10,5% - ын құрады.

Өткізілген іс-шаралар нәтижелері бойынша кәсіпкерлерге 46 бұзушылықты жою туралы нұсқама берілген.