Түркістанда тойға тоқтам болмай тұр

Түркістанда тойға тоқтам болмай тұр

Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында  104 мобильді топ құрылған. Жыл басынан бері мобильді топ құрамы мен полиция қызметкерлері тарапынан   87730 нысан араланып, 1745-нен  карантин талаптарын  бұзғаны анықталды.  Жеке кәсіпкер-46, заңды тұлғалар-2,  лауазымды тұлғалар-26  жеке тұлғалар-1671.     . ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бап, 1-бөлігі бойынша толтырылған хаттамалар негізінде, 98 580 015 теңге айыппұл салынды,-деп атап өтті Асқар Искаков.        Сондай-ақ, ол  той өткізу, көкпар  көпшілік орында маска тақпау, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режимін сақтамауы сынды бұзушылықтардың жиі тіркелетіндігін айтты. Жыл басынан бері тыйым салынған 235 мерекелік іс-шара тіркелді.

Мәселен бір күннің ішінде Сайрам-1, Сарыағаш-1,  Мақтарал-1,  Отырар-1, Ордабасы-2, Қазығұрт-1 аудандарында  жалпы 7 отбасылық мереке ұйымдастырылған.                                       Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес,  қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режимі 9:00-23:00 ге дейін.  Дегенмен, уақыт режимін сақтамаған 75 қоғамдық тамақтану орындары анықталды.

Сондай-ақ, 2021 жылдың басынан бері   51 көкпар ұйымдастырылып, 1-компьютерлік клуб, 7  тойханаға сот шешімі шыққан.