Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 27 ақпандағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 27 ақпандағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 791 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 212 809 жетті. 
Оның ішінде:

- Нұр-Сұлтан қаласында -25053(+92),

- Алматы қаласында - 24977(+99),

- Шығыс Қазақстан облысында - 21998(+53),

- Атырау облысында - 17167(+46),

- Павлодар облысында - 17535(+80),

- Қарағанды облысында - 15401(+53),

- Ақмола облысында - 13580(+70),

- Батыс Қазақстан облысында – 12973(+63),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 12310(+35),

- Қостанай облысында - 12312(+63),

- Алматы облысында - 10796(+69),

- Шымкент қаласында -6147(+24),

- Жамбыл облысында - 5947(+12),

- Түркістан облысында - 4284(+8),

- Маңғыстау облысында - 4226(+7),

- Ақтөбе облысында -4262(+11),

- Қызылорда облысында -3841(+6).

 

Қазақстанда 590 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 98,
Алматы қаласында - 195,
Шымкент қаласында - 5,
Ақмола облысында - 60,
Атырау облысында - 21,
Шығыс Қазақстан облысында - 28,
Батыс Қазақстан облысында - 48,
Қарағанды облысында - 34,
Қостанай облысында - 40,
Қызылорда облысында - 14,
Маңғыстау облысында - 8,
Павлодар облысында - 39.

Елімізде барлығы 196 342 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

2021 жылдың 28 ақпанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

28 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам короновирус инфекциясынан (13 711 КВИ+ және 6 569 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 483 пациент стационарда, 15 797 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
249 адамның жағдайы ауыр;
52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 26 ақпандағы мәлімет бойынша 58 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 244 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 49 284, өлім жағдайлары - 622, барлығы 42 093 адам сауығып шықты.