Бүгінгі күні «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң тұжырымдамасы мен заң жобасы халық арасында кеңінен талқылану үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған, онда пайдаланушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын қалдыра алады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкерлері ескертулер мен басқа да түсініктемелерге жауап береді. Ары қарай Жоба барлық жұмылдырылған мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі.
Қазақстан Республикасында және әлемде коронавирустық инфекция бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты, сондай-ақ жаһандану жағдайында және соған байланысты адамдар мен тауарлардың трансшекаралық еркін қозғалысына байланысты жұқпалы аурулардың кең таралу қаупі, ұлттық қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде биологиялық қауіпсіздік, яғни халық пен қоршаған ортаны ауру тудыратын микроорганизмдерден қорғау мәселелері аса маңызды мәнге ие болды.
Сонымен қатар, аса қауіпті патогендермен жұмыс істейтін мамандарды (яғни, оба, тырысқақ, ойық жара және т.б. ауру тудыратын микроорганизмдер зертханаларында диагностикалық зерттеулер және ғылыммен айналысатын) әлеуметтік, құқықтық және биологиялық қорғау қажеттілігі Қазақстан Республикасының Биологиялық қауіпсіздігі туралы заңын әзірлеуге негіз болды.
Заң жобасы Ресей, АҚШ, Австралия, ҚХР, Тәжікстан және т. б. елдердің тәжірибесіне сүйене отырып әзірленген.
Заң жобасында республиканың барлық тұрғындарын міндетті вакцинациялау қарастырылмаған. Алайда, жұмысы аса қауіпті инфекциялардың диагностикасымен, олардың қасиеттерін зерттеумен, сондай-ақ қызметі инфекция ошақтарындағы жұмыстармен байланысты мамандарды вакцинациялау практикасы жүргізіледі. Олар: аса қауіпті патогендермен (ауру тудыратын микроорганизмдермен) жұмыс істейтін зертханалардың, обаға қарсы станциялардың, ветеринарлық қызмет және басқа қызметкерлер.
Сондай – ақ, заң жобасында патогенді биологиялық агенттермен, инфекциялық аурулардың, оның ішінде аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарымен жұмыс істеу және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жоба жалпы ел халқының да, жоғарыда аталған мамандардың да денсаулығын қорғауға бағытталған.
Бұл ретте, әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, белгіленген қағидаларды бұзғаны үшін өлім жазасының қарастыралғанына қатысты ақпарат негізсіз болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев ең жоғары жазалау шарасы – өлім жазасын алып тастау туралы заңға қол қойған болатын.
Қазақстан азаматтарын әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді ақпаратқа бой алдырмауларын сұраймыз. Сенімді ақпарат алу үшін ресми ақпарат көздері: Комитеттің ресми интернет-ресурсы, «COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК» телеграм каналы және Facebook, Instagram және YouTube әлеуметтік желілеріндегі аккаунттары немесе Комитет атына жазбаша сұрау жіберу арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қылмыстық Кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.