Шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде балабақшаларға қойылатын талаптар

Шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде балабақшаларға қойылатын талаптар

Шымкент қаласында карантин шараларын енгізу кезеңінде, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, балабақшаға баратын балалар арасында коронавирустық инфекция ауруының  2 жағдайы тіркелді. Департамент коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді, оның ішінде балабақшаларда қорытынды дезинфекция жүргізілді және қаланың 2 балабақшасында 14 күндік карантин белгіленді. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары тұрақты түрде санитарлық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтау бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған санитариялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 25.12.2020 жылғы №67 және №68 қаулыларына және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 19.02.2021 жылғы №4 қаулысына сәйкес кезекші топтардан басқа (топта 20 адамнан артық емес) мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады. ҚР БМСДҚ №67 14 – қосымшасында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын талаптар көрсетілген.

Келесі талаптарды қатаң сақтау қажет:

  • барлық қызметкерлер мен балалардың медицина қызметкерлерінің күнделікті таңертеңгі сүзгісін өткізуі (термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу, дезинфекциялық кілемшеде аяқ киімнің табанын өңдеу);
  • бетперде режимі;
  • әлеуметтік қашықтық;
  • тамақ ішкенге дейін, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапқа барғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларынан кейін балалардың қолдарын сабынмен уақтылы жуу;
  • персоналға арналған объектіде, балалардың қолы жетпейтін жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату және оларды тұрақты пайдалану;
  • топтарды кварцтауды және желдетуді жүргізу;
  • дезинфекциялық режимді қатаң сақтау;
  • термометрлердің және дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің, жеке қорғаныш құралдарының (бетперделер, қолғаптар) азаймайтын қорының болуы (кемінде 5 күн);
  • жіті респираторлық инфекциялардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулардың белгілері анықталған кезде қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар үйлеріне қайтарылады;
  • балаларды қабылдау, олар 3 жұмыс күнінен астам болмаған жағдайда, учаскелік педиатрдың денсаулық жағдайы туралы анықтамаларымен жүзеге асырылады.

Электрондық портал арқылы қызметін қайта бастаған кезде мектепке дейінгі балалар ұйымдарын іске қосу сипаты "InfoKazakhstan.kz" – хабарлама жолдау арқылы жүргізіледі. Объектіні барып тексеру, сәйкестік  актісі талап етілмейді.