Жамбыл облысында медициналық қызметкерлердің COVID19 індетін жұқтырмау үнемі бақылауда!

Жамбыл облысында медициналық қызметкерлердің COVID19 індетін жұқтырмау үнемі бақылауда!

Коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең бірінші талаптарына - жеке қорғану шараларын орындау болып табылады. Медициналық қызметкерлердің бұл індеттің жұмыс барысында жұқтыру қаупі болғандықтан, барлық медицина қызметкерлері жеке қорғану құралдарымен толық қамтамасыз етіледі.

Алайда, медициналық қызметкерлердің жұмыс барысында COVID19 індетін жұқтыру себептерінің біріне жеке қорғану құралдарымен дұрыс пайдаланбау жатады.

Осы орайда, Жамбыл облысының Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан медицина қызметкерлеріне, биологиялық қауіпсіздік бойынша нұсқамалық және биологиялық қорғаныш костюмды дұрыс қолдану техникасы бойынша жаттығу сабақтары үнемі жүргізілуде.

2021 жылдың 21 қаңтар күні Тараз қаласының КВИ ошағында жұмыс атқаратын эпидемиологтары арасында биологиялық қауіпсіздік және сақтық шараларын пысықтау мақсатында жаттығу сабағы өткізілді. Жаттығу сабағында эпидемиологтардың биологиялық қорғаныш костюмды дұрыс қолдану техникасы тексерілді.