Қазақстанның медицина қызметкерлері үшін "COVID-19 вакцинациясын ұйымдастыру және өткізу" атты үш күндік республикалық вебинар басталды

Қазақстанның медицина қызметкерлері үшін "COVID-19 вакцинациясын ұйымдастыру және өткізу" атты үш күндік республикалық вебинар басталды

Мемлекет басшысының КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жедел бастау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап елімізде халықтың егуге жататын (осал) топтарына вакцинациялауды бастау жоспарланған.

Осыған байланысты, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "ҚР-да COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу" тақырыбында үш күндік вебинар ұйымдастырды. Онлайн режимінде оқыту өңірлік деңгейдегі мамандар үшін жүргізіледі.

Мәселен, бүгін, 2021 жылғы 22 қаңтарда Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының медицина қызметкерлері үшін оқыту басталды.

Вебинардың ашылуында Комитет төрағасының орынбасары З. Д. Ахметова кіріспе сөз сөйледі.  Спикерлер –Комитет, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының мен  ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының сарапшылары қатысушыларды әлемдегі COVID-19 вакциналары бойынша жағдаймен, сондай-ақ вакцинация бойынша халықпен коммуникация мәселелерімен таныстырды.

Республикадағы COVID-19 вакцинациясын ұйымдастыру және жүргізу алгоритмі туралы Комитеттің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Н.Ү. Әзімбаева айтып берді.

Бұл кезеңдегі басты мақсат - бүгінгі таңда вакцинация өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама болып табылады деген пікірді халыққа жеткізу деп санайды ұйымдастырушылар.