Жаппай мерекелеуді эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін кейінге қалдырыңыз!

Жаппай  мерекелеуді эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін  кейінге қалдырыңыз!

Крещендік шомылу - ежелден келе жатқан православтық дәстүр. 19 қаңтарда аталып өтілетін бұл мерекеде мұзды ойып немесе ашық суға шомылу арқылы аталып өтіледі.

Ел аумағында, атап айтқанда, Павлодар облысы үшін мұндай мерекені қазыргі уақытта өткізу коронавируспен сырқаттанушылықтың жаңа өсіміне әкелуі мүмкін. Мәселе тек шомылуда емес, - ол зиян болмауы да мүмкін. Алайда,  бетперде тақпай  және қажетті қашықтықты сақтамай адамдардың жаппай жиналуы коронавирустық инфекцияның таралуына себеші болады.

Павлодар облысы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шаралар ұйымдастыру мақсатында, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы» №15 Қаулысының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес, адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың осы талаптарды  орындауы міндетті болып табылады.

Заң бұзушылықтар анықталса, Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады.

Құрметті қазақстандықтар! Қоғамдық денсаулықты сақтау мақсатында азаматтық санаңызды көрсетіңіз, өзіңізге, жақындарыңызға және персоналға қауіп төндірмеңіз!  Жаппай  мерекелеуді эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін  кейінге қалдырыңыз  және  қазіргі карантиндік шараларды орындаңыз.