Коронавирусты инфекция эпидемиясы кезінде адам денсаулығын сақтауда профилактикалық шараларды сақтау басты шара болып отыр. Кез келген ауруды емдегенше, оның алдын алған жеңіл екенін есте сақтаған жөн!
Облыстың әрбір тұрғыны, сондай-ақ кәсіпорындардың басшылары мен кәсіпкерлер шектеу және карантиндік шаралардың талаптарын қатаң сақтауы және орындауы керек, осы арқылы коронавирустың одан әрі таралуын тоқтатуға болады.
Коронавирусты инфекцияның таралу қаупінің сақталуына қарамастан, облыс тұрғындары Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарын бұзуды жалғастыруда.
2020 жылғы 01 желтоқсаннан 2021 жылғы 11 қаңтарға дейінгі кезеңде 1515 рейдтік тексеріс жүргізіліп, 7328 объект қамтылған, 141 айыппұл 32 657 671 теңгеге салынды, объектілерді тоқтату бойынша сұрақты қарастыру үшін 17 іс-құжат ауданаралық сотқа жіберілді. Анықталған бұзушылықтар ішінде 52 салтанатты отбасылық іс-шараларды өткізу, 21 жұмыс тәртібін бұзу, 39 бетперде тәртібін сақтамау, 5 дезинфекция режимін бұзу фактілері анықталған.
Соңғы аптада мониторингтік топтар Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының талаптарына сәйкес жұмыстарын уақытша тоқтату тиіс нысандардың жұмыс істеп жатқандығын анықтады. Олардың ішінде «Душа», «Барокко», «Calipso»караокеклубтары және «Лотоматик» лоторея клубы.
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тұрғындар мен кәсіпкерлердің назарын тағы да шектеу және карантиндік шаралардың талаптарын қатаң сақтау, салтанатты отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салу, эпидемия кезінде негізгі профилактикалық шараларды сақтау қажеттілігіне аударады.