2021 жылдың 11 қаңтардағы сағат 9 дағы жағдайға сәйкес, Павлодар облысында коронавирусты жұқтырудың 9957 жағдайы тіркелді, оның 6130 жағдайы немесе 61,5 % Павлодар қаласының еншісінде.
Өткен тәулікте КВИ ауруының 65 жағдайы тіркелді.
Ауырғандардың жалпы санынан 9772 - Павлодар облысының тұрғындары және 185 жағдай енгізілген. Облыс бойынша 6681 ошақ тіркелген, ауру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1325,5 құрады.
КВИ ауруының апталар бойынша талдауы келесі сандарды көрсетті: 28 желтоқсаннан 2021 жылдың 3 қаңтарға дейінгі аптада 566 жағдай тіркелді (6.4 %), 04 қаңтар мен 10 қаңтарға дейін – 549 (5,8%) .
Репродуктивті сырқаттану деңгейі бірден аспайды.
Соңғы екі аптада облыста ауаның төмен температурасы байқалды - 39-41 градус аяз, соған байланысты қаңтар айындағы эпидемиологиялық жағдайға тән ЖРВИ, ӨРА ауруының аздап жоғарылауы байқалады.
10 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың вирусологиялық зертханалары 261582 сынама өткізді, (соңғы тәулікте 1564 сынама зерттелді, оның 228-і оң нәтиже көрсетті).
Сарапшылар аймақтағы COVID-19 эпидемиологиялық ахуалының жағдайын тұрақты деп бағалайды, репродуктивтік деңгейі қалыпты болып қалады және ЖРВИ мен ӨРА-мен сырқаттанудың бақылау деңгейінен асып кетпейді.