Карантиндік шектеу шаралары өз нәтижесін бере бастады

Карантиндік шектеу шаралары өз нәтижесін бере бастады

Бірнеше аптадан бері коронавирус індеті бойынша «қызыл аймақта» тұрған Солтүстік Қазақстан облысында қабылданған карантиндік шаралардың арқасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады.

9 қарашадан бастап Петропавл қаласында, сондай-ақ бірқатар ауылдық жерлерде қатаң карантиндік шаралармен қатар, демалыс және мереке күндері локдаун енгізілді. Аталған шаралар солтүстікқазақстандықтарға уақытша қолайсыздықтар туғызуымен, COVID-19-ға қарсы күресудің тиімді тәсілі болып табылады. Нәтижесінде өткен аптаның сәйкес кезеңімен салыстырғанда соңғы 3 күнде КВИ ауруы 6% - ға төмендеді. Сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 1,5% - дан аспайды. Егер бұрын барлық науқастар санының 50% - дан астамы облыс орталығында тіркелген болса, қазір бұл көрсеткіш 40% - ға дейін төмендеді. Бұл қабылданған шаралар өз жемісін беріп жатқандығының көрсеткіші.

COVID-19 індетін жұқтырғандар сананың өсуін ескере отырып, тізбекті бұзу және індеттің таралуын тоқтату, сондай-ақ халық арасындағы байланыстарды ажырату мақсатында облыс бойынша 5 аудандағы 8 елді мекенді карантинге жабу туралы шешім қабылданды. Бұл тәсіл де өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Бұған дейін жабылған Ақжар ауданының Горьковское ауылы, Аққайың ауданының Смирново ауылы, Есіл ауданының Явленка, Покровка, Чириковка және Корнеевка ауылдары, сондай-ақ Мамлютка қаласында COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмегендіктен карантин алынды.