Той жасау әлі тиылмай тұр

Той жасау әлі тиылмай тұр

Отбасылық іс-шаралар мен жаппай жиналуды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қазақстандықтар өз денсаулығына ғана емес, жақындарының өміріне де қауіп төндіре отырып, карантиндік шектеулерді бұзуда. Өткен демалыс және мереке күндері еліміздің түрлі өңірлерінде осындай бірнеше фактілер тіркелді.

Мысалы, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары "Алмалы" мейрамханасында үйлену тойын өткізген. Тексеру барысында адамдар көп жиналғаны анықталған, үйлену тойына 50-ден астам адам қатысқан. Мониторинг тобының карантин режимін бұзуына байланысты 425-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы аудандық санитариялық-эпилемиологиялық бақылау басқармасына Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының үйлестіру орталығынан қоғамдық тамақтану нысандарында анықталған карантин шараларын бұзушылықтар жөнінде бірнеше жедел хабарламалар келіп түсті. Олардың ішінде: "Грузинский дворик" кафесі, "Pub Empire Beer" мейрамханасы, "Carte Blanche" рестобары. Жоғарыда аталған нысандарға Басқарма мамандары шығып, жедел хабарламаларға сәйкес жоспардан тыс тексеру өткізді. Тексеру барысында нысан жұмысы режимінің бұзылғаны (сағ. 24-00 кейін жұмыс істеу), дискотека өткізу сияқты бұзушылықтар анықталған. Аталмыш тексерулер ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144 б. 6 т. сәйкес ҚО ҚСжАЕКБ тіркелді, тексеру жұмыстары тамамдалған соң ұйғарымдар беріліп, әкімшілік шаралар қолданылатын болады.

Осы қиын кезеңде еліміздің тұрғындарын карантин режимін сақтауды сұраймыз. Сол себептен, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!