Маңғыстау облысында танымал балалар ойыншығының құрамынан фенол табылды

Маңғыстау облысында танымал балалар ойыншығының құрамынан фенол табылды

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2020 жылдың 10 айында өнімнің  1 533 (тағам және өндірістік тауарлар) түрін іріктеп сатып алып зертханалық сараптамадан өткізді,  оның  9,0% техникалық регламенттердің  талаптарына сәйкес емес.

Іріктеп алынған алынған өнімдердің  75% шетелдік, 25% отандық өнімдер.

Сәйкессіздік анықталған өнімдердің басым көпшілігі 77,5%   таңбалануы бойынша, физико-химиялық көрсеткіштері бойынша 9,4%, микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 1,4%, 0,7% токсиколого-гигиеналық  көрсеткіштері бойынша, қауіпсіздік талаптары бойынша 4,3%  және 8,7%  басқа да көрсеткіштері бойынша талапқа сай емес.

Мониторинг барысында  іріктеп алынған барлық өнімнің  78% тамақ өнімдері және қалған 22% өндірістік тауарлар.

2020 жылдың 10 айында облыс аумағында 1191 сынама тағам өнімдері іріктеп алынып, соның ішінде ТР талаптарына 67 (5,6%) сынама сай емес.

Барлық талапқа сай емес тағам өнімдерінің ішінде:

Ет және ет өнімдерінің 120 сынамасының 8-нен (6,7%) сәйкессіздік анықталды, барлығы шетел өнімдері, соның ішінде 4 өнім физико-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес емес,  ("Докторская" пісірілген шұжығы және жартылай ысталған «Праздничная» шұжығы, ЖШҚ "Желен" Ресей, Орынбор облысында өндірілген, "Сервелат", "Байрам" жартылай-ысталған шұжығы ЖК "Досматов Т.З.", Жамбыл облысы, Тараз қаласы өндірісі) және  3 сиыр етінен зертханалық сараптама  қорытындысында  шошқа ДНК-ы табылды (пісірілген шұжық өнімдері "С говядиной" сосискалары, өндірушісі: РФ, Саратов. "МК" АГРОТЕК" ЖШҚ; ет-өсімдікті консервілер «Тушенка кусковая говожья»,

Өндірушісі - РФ, Мәскеу қ., Троицк қаласы "Орелпродукт" АҚ; бұқтырылған стерильденген сиыр еті, жоғары СОРТ, өндірушісі: Ресей, Мәскеу қаласындағы "Қорған ет комбинаты" ЖШҚ СТАНДАРТ).

Іріктеп алынған құс және құс еті өнімдерінің 58-нен және балық өнімінің 40 түрінен  таңбалануы бойынша талапқа сай емес әрқайсысынан 7 өнім анықталды;

Сүт және сүт өнімдерінің 10 ай ішінде 153 түрлі сынамасына сараптама жүргізілді, оның 9,2% талапқа сай емес. Ақтау қаласында орналасқан  "Millina Food Production Company Ltd" ЖШС  сүт зауытының 2 өнімінен (тәтті сүзбе мейіз қосылған) ішек таяқшалар тобының бактериясы (БГКП)  табылды. Аталған зауытқа жоспардан тыс тексеру жүргізіліп сапасыз 240,0 кг сүт өнімі сауда айналымынан алынып тасталды  және жауапты тұлғаға 304 865 теңге көлемінде айыппұл салынды.

2020 жылдың 10 айында  құрамындағы қауіпті заттарды анықтау мақсатында  342 түрлі өндірістік тауарлар іріктеп алынды, оның ішінде балалар арналған тауарлардың  34 түрлі сынамасы сараптамадан өтті, олардың 17-і таңбалануы бойынша  талапқа сай емес және оған қосымша  Қытайда өндірілген бір балалар ойыншығынан («Шар - сюрприз "LOL Surprise"»)  нормадан артық мөлшерде фенол анықталды.

Зертханалық сараптамадан өткен 19 түрлі асханалық құралдардың 12-сінен (асханалық құралдар жиынтығы, шанышқылар мен қасықтар) коррозияға тұрақсыз,  тез даттанатындығы анықталды, олардың барлығы Қытай Халық Республикасында өндірілген.  

Өнім қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг қорытындысы негізінде анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлік иелеріне 29 санитарлық ұйғарымдар берілді және кемшіліктерді жою жолдары көрсетілді.

Жоспардан тыс тексерулер бойынша 2 әкімшілік іс қозғалып, кәсіпкерлік субъектілеріне 397 650 тг айыппұл салынды.

2020 жылдың 10 айында талапқа сай емес 662,1 кг. сапасыз өнім сауда айналымынан алынып тасталды және жойылды.