ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстан аумағына жіберілмеді

ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстан аумағына жіберілмеді

Пандемия басталғалы ҚР Мемлекеттік шекарасының барлық автоөтпе жолдарында эпидемиолог дәрігерлер мен Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері тәулік бойы қорғаныс костюмдерінде қызмет атқарады. Мемлекеттік шекара арқылы өткен адамдардың дене қызуын байланыссыз термометрия арқылы тексеріп, сауалнама жүргізуде. Шекарадан өткендердің ПТР тестілеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманың бар-жоғын тексереді.

Батыс Қазақстан облысына 6 қазаннан бүгінге дейін шекарадағы автоөтпелер арқылы барлығы 30791 адам өтті, оның ішінде 6 852-і – жолаушы, COVID-19 анықтамасынсыз - 1 044 жолаушы өткен. Анықтамасыз жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР әдісімен COVID-19 тест алынды, оның 27-інде тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Екі жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны - 10 029, оның ішінде 7 063 жүргізушінің анықтамалары бар. Ал 2 966 жүргізушіде анықтама жоқ болып, олардан ПТР әдісімен COVID-19-ға тест алынып, талдау қорытындысы  бойынша 26 адамда оң нәтиже көрсеткен. Анықтамасыз келген 163 шетел азаматтары елдеріне кері қайтарылды.

Маңғыстау облысында үстіміздегі жылдың 6-шы қазанан бастап, Өзбекістан  елімен «Тажен» автомобиль өткізу пункіті арқылы 7 612 автокөлік өткен. Оның ішінде: транзиттік автокөліктер - 7 233, 216 автокөлік, 159 жолаушы (39 жолаушы ПТР анализсіз, ал 120 жолаушы ПТР анализімен), 4 транзиттік жолаушы өтті. Тексерілген 34 азаматтың ішінен 2 оң нәтиже анықталды. Екеуіде карантинге алынды. 

Ақтау халықаралық әуежайы арқылы шет елдерден 1505 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде 132 жолаушы ПТР анализі болмауына байланысты оқшауға алынды. ПТР тестілеуінің қорытындылары барлық 132 адамда теріс болды.