Қазақстан дәрігерлеріне тұмау маусымы мен COVID-19 пандемиясы кезінде пневмонияның диагностикасы, терапиясы және алдын-алу бойынша онлайн-семинар өткізілді

Қазақстан дәрігерлеріне тұмау маусымы мен COVID-19 пандемиясы кезінде пневмонияның диагностикасы, терапиясы және алдын-алу бойынша онлайн-семинар өткізілді

Семинар 2020 жылғы 18-20 қараша аралығында өтті. Біліктілікті арттыру вебинарларының модераторы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі - вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева болды.

Құзыретті спикерлер: профессорлар, медицина саласының сарапшылары, Қазақстан мен Ресейдің жетекші денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері үш күн бойына тыныс алу жолдарының аурулары бойынша білімдерімен бөлісті. Вебинарға республиканың барлық өңірлерінің эпидемиологтар, пульмонологтар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлері қатысты.

Спикерлер медицина қызметкерлерінің респираторлық инфекциялар, оның ішінде коронавирустық инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайы туралы хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударды.

Семинар барысында вирустық және бактериялық пневмонияның дифференциалды диагностикасы және оның алдын алу әдістері сияқты мәселелер көтерілді.

Вебинарды ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы және Респираторлық медицина саласындағы мамандар қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.