Жамбыл облысында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларында көрсетілген шектеу шараларын орындамау фактілері әлі орын алуда. Халық арасында әлі де, бірлесіп карантин талаптарын қатаң сақтаған жағдайда ғана, коронавирустық инфекцияны жеңетінімізге түсінбейтіндер бар.
Атап айтқанда, Тараз қаласы бойынша 18.11.2020 жылы мониторингтік топтардың рейді кезінде Тараз қаласындағы «Сұлу Төр» мейрамханасында салтанатты іс-шара өткізілгендігі және PS4 компьютерлік клубтың жұмыс істеп тұрғандығы анықталды.
Аталған заң бұзушыларға хаттама толтырылып, айыппұл салынуда.
Сіздердің 2-3 сағат көңіл көтергеніңіз, Сіздің және жақыныңыздың бүкіл өміріне қауіп төндіру мүмкіндігі артатынын ескертеміз.