Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 25 қазанындағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 25 қазанындағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 140 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 110 542 жетті.
Оның ішінде:

- Алматы қаласында - 14662(+15),

- Нұр-Сұлтан қаласында -14433(+23),

- Атырау облысында - 11257(+3),

- Қарағанды облысында - 10500(+10),

- Шығыс Қазақстан облысында - 9167 (+25),

- Батыс Қазақстан облысында - 6966(+5),

- Шымкент қаласында -5225(+0),

- Алматы облысында - 5089(+8),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 4364(+9),

- Жамбыл облысында - 4172(+3),

- Павлодар облысында - 4156(+12),

- Ақмола облысында - 3634(+14),

- Қостанай облысында - 3587(+6),

- Түркістан облысында - 3408(+2),

- Маңғыстау облысында - 3385(+1),

- Ақтөбе облысында -3285(+4),

- Қызылорда облысында -3252(+0).

 

Қазақстанда 57 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Ақмола облысында - 4,
Атырау облысында - 2,
Батыс Қазақстан облысында - 29,
Қарағанды облысында - 14,
Қостанай облысында - 1,
Павлодар облысында – 7.

Елімізде барлығы 105 675 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

Үстіміздегі жылдың 26 қазанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 042 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 246 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 119 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 26 қазанындағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 26 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 71 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 36 921, өлім жағдайлары - 394, барлығы 28 531 адам сауығып шықты