Шетелден келген 400 қазақстандық жолаушы карантинге орналастырылды

Шетелден келген 400 қазақстандық жолаушы карантинге орналастырылды

Ағымдағы жылдың 6 қазанының сағат 00.00-де бастап Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың №54 мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы күшіне енді. Қаулыға сәйкес, Қазақстанға келетін барлық азаматтардың ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтер сәтте COVID-19-ға ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтамалары болу керек.

Қаулы күшіне енген уақыттан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы Түркиядан 4 рейс қабылдады. Барлығы 478 жолаушы келді, оның ішінде COVID-19 ПТР анықтамасы жоқ 170 адам карантиндік ауруханаға анализ алу үшін екі күнге орналастырылды. Алматы әуежайы Түркия, Оңтүстік Корея және Беларусь елінен 8 рейс қабылдады. 797 жолаушы келді, оның ішінде COVID-19 ПТР анықтамасы жоқ 230 адам карантиндік ауруханаға анализ алу үшін екі күнге орналастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы арқылы келген жолаушылар: Ramada Plaza Astana қонақ үйі, ал Алматы қаласына келген жолаушылар - Renion, Elchi, Shera Park, Premier Alatau отельдерінде ұйымдастырылған карантиндік ауруханаларға орналастырылды.

Шетелдік азаматтардың COVID-19-ға ПТР-тестінің теріс нәтижелерін көрсететін анықтамалары болған, ешкім Қазақстаннан депортациялаған жоқ.

Бұл ретте, КВИ теріс нәтижесін көрсететін анықтамасы жоқ транзиттік жолаушылар да ПТР сынағынан өту үшін екі күндік карантинге орналастырылатынын да ескерген жөн.