Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті. Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен жоспарда тұрған жобаларды талқылады.
Нәтижесінде көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында серіктестікті жалғастыруға уағдаласты. Сондай-ақ инвестиция тарту және заманауи технологияларды енгізу мәселелері қаралды.
Тараптар бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береді.