Қазіргі таңда Қазақстанда ұзындығы 1100 шақырымды құрайтын үш ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Бұл жобалар елдің транзиттік әлеуетін арттырып, өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға бағытталған.
- «Достық – Мойынты» - Биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, теміржол учаскесінің өткізу қабілеті 5 есеге артады. Бұл жоба Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтып, Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын едәуір жеңілдетеді.
- . «Алматы айналма темір жолы» - Алматы қаласын айналып өтетін бұл жаңа желі өңірдегі теміржол инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтады. Жоба көлік қозғалысын жеңілдетіп, логистика тиімділігін арттырады.
- «Дарбаза – Мақтаарал» - Бұл бағыт Оңтүстік Қазақстанды халықаралық транзиттік дәліздермен байланыстырады. Жоба өңірдің логистикалық және экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
2024 жылы ;обаларды іске асыру барысында 2,7 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 1,4 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, 1400 шақырым теміржол жөнделіп, 143 жаңа вагон сатып алынды.
2025 жылы аталған инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасын табады. Жаңа жұмыс орындары ашылады.