Көлік министрлігінің ұжымы қалалық сенбілікке қатысты

Көлік министрлігінің ұжымы қалалық сенбілікке қатысты

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ұжымы қалалық сенбілікке қатысып, бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында аумақ құрғақ бұтақтар мен жапырақтардан тазартылып, айналасы ретке келтірілді.

Іс-шараға Министрлік басшылығы, орталық аппараттың және комитеттердің қызметкерлері қатысты.

Мұндай іс-шаралар қала тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.